19 Маусым 10:27

«НұрАлиКапитал» ЖШС құрылтайшысы ұсталды

Фото:

Алматыда халықаралық іздеу жарияланған «НұрАлиКапитал» ЖШС құрылтайшысы ұсталды. Бұл туралы ІІМ-нің ресми сайты хабарлады.

Алматы, NEGE. «16 маусым күні қабылданған шаралар аясында біздің қызметкерлер Алматы қаласында аталған компанияның құрылтайшысын ұстады. Ол алдау арқылы салымшылардың мүліктері мен қаржысын иемденіп кеткен. Бұл қылмыстың істің тергеу барысы ІІМ бақылауында», - деп хабарлады Атырау облысының полиция департаментінің бастығының орынбасары Нұрхат Оразбаев.

Күдікті ақпан айынан бері халықаралық іздеуде жүрген.

Тегтер: