Мылжың әйел күніне 47 000 сөз, үндемес еркек 500 сөз айтады екен

11 мамыр, 16:56

Фото: zakon.kz

Әйелдер еркектерге қарағанда көп сөйлейді! Америкалық ғалымдар осындай тоқтамға келіпті. Соңғы зерттеу нәтижелеріне қарағанда нәзік жандылар орта есеппен күніне – 16 215, еркек кіндіктілер күніне – 15 669 сөз айтып тастайды екен.

Алматы, NEGE.  Айта кетейік, шетелдік әлеуметтанушылар да әлемдегі ең мылжың адам күніне – 47 000, ал ең сөзге сараң кісі – 500 сөз сөйлейтін мәлімдепті.

«Психологиялық ерекшелікке байланысты деп айтуға болады. Әйел кісілердің көп сөйлеу қасиеті бар. Ол көп сөйлеу арқылы баламен сөйлеседі. Адамға психолог тұрғыдан қолдаушы рөл болғандықтан, еркектер ойлану арқылы шешуді ұнатады. Ерлерде конкретика бар», – психолог Ержан Мырзабаев.

Психологтар америкалық ғалымдардың келтірген ақпаратын растап отыр. Себебі әйел мен ерекетің көп сөйлеуі, мылжың болуы да психологиялық ерекшелік дейді.

ҰҚСАС ЖАЗБАЛАР
Яндекс рекомендации