Қазгидромет ауа-райы болжамын жариялады

27 қараша, 08:55
Қазгидромет ауа-райы болжамын жариялады
Фото: google.com

Синоптиктердің болжауынша сенбі күні елімізде тұман түсіп, көктайғақ болады, жел күшейіп, солтүстіктен боран соғуы ықтимал.

Алматы, NEGE.  27 қарашада а уқымды антициклонның әсерінен республиканың басым бөлігінде күн райы ашық болады, тек еліміздің қиыр солтүстігінде және оңтүстік-шығыстың таулы аудандарында қар жауады.

Сондай-ақ, елімізде тұман түсіп, көктайғақ болады, жел күшейіп, солтүстікте боран соғуы ықтимал.

Ақмола облысының солтүстік-батысында жаяу боран соғады, облыстың солтүстігінде, шығысында жел 15-20 м/с күшеюі мүмкін.

Алматы облысының Жалаңашкөл ауданында жел 17-22 м/с күшеюі ықтимал. Түнде және таңертең Түркістан облысының таулы аудандарында тұман түседі, күндіз жел 15-20 м/с күшеюі мүмкін.

Батыс Қазақстан, Атырау облыстарының батысында, солтүстік-батысында, Ақтөбе облысының орталығында, Қарағанды, Шығыс Қазақстан облыстарының солтүстігінде тұман түсуі мүмкін.

Маңғыстау облысының солтүстік-батысында, солтүстік–шығысында көктайғақ болуы ықтимал. Қостанай облысының солтүстік-шығысында жел 15-20 м/с күшейіп, түнде боран соғуы ықтимал.

Солтүстік Қазақстан облысында жел 15-20 м/с күшейеді, күндіз облыстың солтүстік-шығысында, оңтүстігінде екпіні 23-28 м/с жетеді, облыстың солтүстік-шығысында боран соғады.

Күндіз Павлодар облысының батысы мен солтүстігінде жел 15-20 м/с күшейеді, облыстың солтүстігінде жаяу бұрқасын соғуы ықтимал.

Қызылорда облысының орталығында тұман түсіп, күндіз желдің жылдамдығы 15-20 м/с жетеді.

Жамбыл облысының солтүстігінде және таулы аудандарында тұман түсіп, көктайғақ болады, облыстың оңтүстік-батысында, солтүстік-шығысында және таулы аудандарында желдің жылдамдығы 15-20 м/с жетеді.