Елімізде күн суытады
«Қазгидромет» РМК синоптиктері 19-21 маусымға арналған ауа райы болжамын ұсынды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz.
Алматы, NEGE. Болжамға сәйкес, атмосфералық фронталь бөліктердің өтуіне байланысты Қазақстан аумағының басым бөлігінде тұрақсыз ауа райы күтіледі, найзағай ойнап, жаңбыр, бұршақ жауады, екпінді жел соғады, орталықта, елдің солтүстік-шығысы мен оңтүстік-шығысында қатты жаңбыр жаууы мүмкін.
"Батыс өңірлер ғана антициклон ықпалында болады. Соның әсерінен жауын-шашынсыз ыстық ауа райы күтіледі. Республиканың солтүстік жартысында түнде температура 5-13 градустан, күндіз 12-20 градусқа дейін күрт төмендеуі мүмкін, ал оңтүстік жартысында түнде 10-18 градустан, күндіз 18-27 градусқа дейін жылынады", - делінген хабарламада.
Қазір оқып жатыр
Зейнетақы реформасы: Жеке басқару мен аннуитеттің қайсысы тиімді
«Кесілген басы тоңазытқыштан табылды»: Ақтөбе облысында танысын өлтірген екі адамға үкім шықты
Қазақстанда нақты жалақы төмендеді: ең үлкен құлдырау IT саласында тіркелді
«Қазақстан – тұрмыстық зорлық-зомбылықтың ошағы»: Варламовтың мәлімдемесін ресми статистика растай ма?