USD
USD
USD

Қазақстанда нақты жалақы төмендеді: ең үлкен құлдырау IT саласында тіркелді

2026 жылдың екінші тоқсанында Қазақстанда орташа номиналды жалақы өскенімен, инфляцияны есептегендегі нақты табыс 2,3%-ға төмендеді. Бұл туралы BCC Invest сарапшыларының есебінде айтылған.

теңге
Фото: depositphotos.com

Астана, NEGE. Елдегі орташа айлық номиналды жалақы 461,5 мың теңгеге жетті. Алайда инфляция салдарынан халықтың нақты табысы мен сатып алу қабілеті әлі де төмендеп келеді.  

Нақты жалақының ең үлкен құлдырауы ақпараттық технологиялар (IT) саласында тіркелді. Мұнда көрсеткіш бірден 8%-ға азайған. Дегенмен IT саласындағы орташа жалақы әлі де жоғары деңгейде және 883,8 мың теңгені құрайды. Сонымен қатар білім беруде 6,7%-ға, ал қонақүй мен қоғамдық тамақтану саласында 6,4%-ға төмендеді.

Ал кейбір секторларда нақты табыстың өсімі байқалады. Маусымдық және экономикалық факторларға байланысты ауыл шаруашылығында жалақы 7,7%-ға, қаржы секторында 5,7%-ға артты.

Ең жоғары орташа табыс әдеттегідей өндіруші өнеркәсіп пен қаржы секторында сақталды. Бұл салаларда айлық жалақы 1,07 млн теңге және 1,01 млн теңгені құрайды. Ал білім беру мен ауыл шаруашылығындағы айлық жалақы тиісінше  315,1 мың теңгені және 299,5 мың теңгені құрап, елдегі орташа деңгейден едәуір төмен болды. 

Өңірлер арасындағы жалақы айырмашылығы әлі де екі еседен, ал жекелеген салалар арасындағы алшақтық үш еседен асады. Нақты жалақы ең көп Маңғыстау (5,1%-ға) және Атырау (8,2%-ға) облыстарында төмендеген. BCC Invest сарапшылары мұны мұнай өндіру көлемінің қысқаруына байланысты бонустық төлемдердің азаюымен түсіндірді.

Сонымен қатар қала мен ауыл тұрғындарының табыс айырмашылығы шамамен 37%-ды құрап отыр, ал шағын бизнес өкілдерінің табыс өсу қарқыны әлі де бәсең.

Қазір оқып жатыр

Ерлан Қарин вице-президент ретінде немен айналысады

Конституция жобасын талқылау

Мұрат Баймұқашев Қауіпсіздік Кеңесі Аппаратын басқарады

.

Әскери қызметшілерге қызметтен кетерден алты ай бұрын жұмыс табуға көмектеспек

Әскерилер

Н. Төреғалиев: Ақ Жайық өңірі көрші елдердегі қандастармен тұрақты байланыс орнатып келеді

Форум