25 Маусым 09:40

Беташар өткізем деп бәлеге қалды

Фото:

Жамбыл облысының полиция департаментінің мәліметінше, бұл оқиға Тараздағы Шолдала тұрғын алабында болған. Тараз тұрғындары карантинге қарамастан үйінің ауласында беташар өткізген.

Алматы, NEGE. Беташардың видеосын Instagram желісінде @kuandyk_sagynyw есімді қолданушы жариялады. Бейнекадрдан беташарға 50-100 адам келгені байқалады.

"Полиция қызметкерлері үй жағдайында беташар ұйымдастырған адамды анықтады. Белгіленген санитарлық-эпидемиологиялық ережелерді бұзу мәселесімен Тараз қаласы әкімдігінің мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау басқармасы айналысады", - деп хабарлады ведомстводан.

Тегтер: