USD
USD
USD

Орал саяжайларынан адамдар мәжбүрлі түрде көшіріледі

Орал қаласы төңірегіндегі саяжайларда қалған адамдар мәжбүрлі түрде эвакуацияланады. Бұл туралы Батыс Қазақстан облысы әкімінің орынбасары Қалияр Айтмұхамбетов мәлім етті6 деп хабарлады ҚазАқпарат

орал
Фото: ТЖМ

Орал, NEGE. «Батыс Қазақстан облысында су тасқынына қатысты қауіпті жағдай әлі де бар. Бір тәулікте су деңгейі 24 см қосылып, қауіпті шектен асып кетті. Мәселен, қауіпті деңгей 850 сантиметр (Жайық өзені, облыс орталығындағы гидробекетте) болса, қазір 857 сантиметрге жетті», - деді Қ. Айтмұхамбетов Орталық коммуникациялар қызметіндегі брифингіде.

Оның айтуынша, осыған дейін Орал қаласы мен Жайық өзенінің бойында орналасқан 80 ауылды қорғау бағытында тиісті жұмыстар атқарылды.

Бұл ретте ондаған шақырым бөгесін бекітілген.

«Осы жұмыс әлі де жалғасып жатыр. Оған 2 мыңға жуық техника мен 8 мың адам жұмылдырылды», - деді облыс әкімінің орынбасары.

Өз кезегінде БҚО төтенше жағдайлар департаменті бастығының міндетін атқарушы Руслан Қасыбаев Орал қаласы төңірегіндегі саяжайларды су басып жатқанын айтты.

«Сол себепті бұған дейін саяжай тұрғындарын алдын ала ескерттік. Бұл жердегі адамдар қауіпсіз жерге шығарылды. Сонымен қатар, саяжайдың күзетінде қаламыз деген адамдар анықталды. Су басқан саяжайлардан адамдар эвакуацияланды», - деді ТЖД өкілі.

Қалияр Айтмұхамбетов су тасқыны кезінде саяжайлардан кетуден бас тартқан адамдарды мәжбүрлі түрде эвакуациялау жалғасып жатқанын айтты.

Сондықтан өңірде эвакуациялық пунктер жасақталды.

Қазір оқып жатыр

Сегіз жылдағы максимум: Қазақстанға Қытайдан қоныс аударушылар саны артқан

Чемодан, саяхат, көшу

Мүфтият айт намазаның кестесін жариялады

Намаз

Сот Атырау облысы әкімінің бұрынғы орынбасары Бақытгүл Хаменованың жазасын жеңілдетті

Бақытгүл Хаменова

Парламент қарауына бес конституциялық заң енгізіледі

Тоқаев