19 Ақпан 14:21

Алматы тұрғындары әкімді жібергісі келмеді

Фото:

Алматы қаласы әкімі Бақытжан Сағынтаевтың есебі таңғы сағат 10-нан өте басталды. Қазір сағат түскі 2 болды. Алайда, тұрғындардың әкімді жібергісі келмеді. 

Алматы, NEGE. 4 мыңға жуық адам жиналған Halyk Arena көпсалалы кешенінің орындықтары босап қалса да, сұрағына жауап алғысы келгендер өте көп. Түске дейін тікесінен тік тұрған әкім орындыққа жайғасып, жауап беріп жатыр. Тұрғындардың бірі алғысын айтса, екіншісі көпшілікке ортақ түйткілдердің шешілуін сұрады. Ең бастысы, қала әкімі Сағынтаев шаршағанына қарамастан тұрғындардың мұң-мұқтажын тыңдауға тырысты.

Айта кету керек, қала әкімдігі I-Azamat цифрлық жобасын іске қосады. Әкімнің айтуынша, бұл тұғырнама тұрғындардың ұсынысын ескеріп, түрлі жобаның іске асуына септігін тигізеді. «Бұл жобаны «ақпараттандырылған азамат» немесе «белсенді азамат» деуге де болады. Осы жобаның арқасында қаланың мәселесін бірге шешеміз. Онда тұрғындар жобаларға дауыс бере алады», – деді әкім.

Тегтер: