30 Сәуір 14:35

Алматы әуежайы шетелдік компанияға сатылып кетті

Фото:

TAV түрік компаниясы Алматы халықаралық әуежайын сатып алды.

Алматы, NEGE. "Әуежайдың өткізу қабілеті жаңа халықаралық терминал құрылысына 200 миллион АҚШ доллары көлемінде инвестиция салу арқылы екі есе артады, бұл әуежайдың өткізу қабілетін жылына кемінде 14 миллион жолаушыға дейін екі есе арттырады. Құрылыс үш жылдан аз уақыт ішінде аяқталады деп болжанып отыр", - деді Алматы халықаралық әуежайының баспасөз қызметі.

Айта кетейік, Алматы халықаралық әуежайы - TAV портфеліндегі 15-ші әуежай.

Алматы әуежайы 1935 жылы ашылған және Орталық Азиядағы ең қуатты көлік торабы болып саналады. Әуежайда екі ұшу-қону жолағы бар.

Тегтер: