14 Қаңтар 15:50

Валюта айырбастау бекеттерінің жайы қалай болмақ?

Фото:

Ұлттық банк шетел валюталарын айырбастау тәртібіне өзгеріс енгізіп, ірі қалалардағы ақша айырбастау бекеттерінің жарғылық қорын кем дегенде 100 миллион теңге етіп бекітті. Жарғылық қоры көрсетілген сомадан аз айырбастау бекеттері лицензиясынан айрылады

Жаңа ережелерді Ұлттық банктің қолма-қол ақша айналымы департаментінің директоры Жомарт Қажымұратов түсіндіріп берді. Оның айтуынша, әу баста барлық валюта айырбастау бекеттері үшін жарғылық капиталдың ең төменгі деңгейін 100 миллион теңге етіп тағайындау жоспарланған. Бірақ, кәсіпкерлердің мүмкіндігін ескере отырып, артынан ауылды жерлерде, аудандар мен шағын қалаларда орналасқан бекеттер үшін талап 50 миллион теңгеге дейін төмендетілді.

Аталған талап 2020 жылдың 1 сәуірінен бастап күшіне енеді. Ал облыстар мен облыстық маңызы бар қалаларда 2020 жылдың 1 шілдесінен бастап жұмыс істейтін болады.

Қажымұратовтың айтуынша, айырбастау бекеттері үшін біраз шарттар жеңілдеген..

Фото: kp.kz

Бұрын айырбастау пункттерін жарғылық капитал сомасының 20 пайызын бөлек есепшотта ұстауға міндеттеу көзделген болатын. Қазір ол талап жұмсарды, тек жарғылық капитал болса жеткілікті.

Тегтер: