27 Қаңтар 11:33

Қытайдағы вирус мұнай бағасын арзандатуда

Фото:

ICE биржасында Brent маркалы солтүстік теңіз мұнайының баррелінің фьючерстік құны қарашаның 1-нен бері тұңғыш рет 60 доллардан түсіп кетті.

Алматы, NEGE. Сәуір айында жеткізілетін Brent маркалы мұнайының бір баррелі 3,41%-ға - 58,62 долларға арзандаған, WTI маркалы мұнайдың наурыздағы фьючерстік келісімдері барреліне 2,29%-ға - 52,95 долларға төмендеген. Инвесторларды Қытайдан шыққан вирустың тез тарай бастағаны үркітіп отыр. Олар қатерлі індет болашақта әлем экономикасына, оның ішінде мұнайға деген сұранысқа залалын тигізе ме деп қауіптенеді.

 

Тегтер: