21 Сәуір 11:29
...
Елордадағы аурухана 13 күнде салынды
Нұр-Сұлтан қаласында 200 орынға арналған заманауи жұқпалы аурулар ауруханасының құрылысы аяқталды.
Алматы, NEGE. Бұл туралы Жедел штаб хабарлайды. Нысан 13 күн ішінде салынды. Айта кетсек, елордада жұқпалы ауруларға арналған жаңа госпиталь құрылысы жүріп жатқаны хабарланған еді.
Ғимараттың өзі ModeX зауытында неміс технологиясымен алдын ала әзірленген блоктардан құрылған. Одан бөлек, аурухана палаталарында арнайы госпитальдік желдеткіш болады, бұл қызметкерлерге инфекция жұқтыру қаупін азайтатын көрінеді.