13 Ақпан 15:45

Бюджет 12 триллион теңгеден артық кіріс алды

Фото:

2019 жылы мемлекеттік бюджетке 12,8 трлн теңге түскен. Ол 2018 жылдың қортындысынан 2 триллион теңгеге көп. Демек, жыл сайын бюджеттің табысы артуда.

Бірақ 2018 жылы мемлекеттік бюджеттің кірісі бір жыл ішінде 6,6 пайызға төмендегенін ескерген жөн. Жалпы соңғы бес жылда бюджетке түсетін кірістер жылына орта есеппен 12,4% -ға өсті деп жазады, Finprom. Өткен жылы бюджет 3,1 триллион теңгені Ұлттық қордан трансферт түрінде алған. Сонда Ұлттық қорды санамасақ, бюджеттің таза табысы 9,7 трлн теңгеге жеткенін байқаймыз.

Фото: Finprom

Табыстың өсуі барлық бағыттарда байқалады. Мемлекеттік бюджетке түсетін түсімдердің басым бөлігі салық арқылы келген. Бюджеттегі салық үлесі 72,2% немесе 9,2 трлн теңге болып, жылдық өсімі 16,8% көрсетіп отыр. 

Тегтер: