USD
USD
USD

ЕАЭО елдерінде жұмыссыздық деңгейі артты

 Еуразиялық экономикалық комиссия Еуразиялық экономикалық одаққа кіретін бес елдегі жұмыссыздық жөнінде статистикалық мәліметті жариялады.

ЕАЭО елдерінде жұмыссыздық деңгейі артты
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Оған сәйкес, екі қолға бір күрек таба алмай жүрген азаматтардың саны 3,8 есе өсіпті. Ал бөлек елдерге келетін болсақ, Ресей мен Қазақстанда жұмыссыздар саны артса, Беларусь, Қырғызстан мен Арменияда керісінше азайыпты. Коронавирус пандемиясы еңбек нарығына қалай әсер етті? 

2020 жылдың тамыз айында Еуразиялық экономикалық одақта өткен жылмен салыстырғанда жұмыссыздар саны 4 есеге артты. Ресейде бұл көрсеткіш бес есе өскен. Тамыз айының соңында елде 3 миллион 600 мың жұмыссыз тіркелсе, қыркүйекте олардың саны 5 миллионға таяп қалды. 

 ЕЭК Интеграция және макроэкономика жөніндегі министрі Сергей Глазьев: "Экономикалық жағдай қалпына келе бастағанда, бұл көрсеткіштер төмендейтініне сенімдімін. Біз ортақ еңбек нарығын құрдық. Қазақстан бастамасымен «Шекарасыз жұмыс» деп аталатын ақпараттық жүйе іске қосылады. Әрине азаматтарымыз әлі емін еркін қатынай алмайды. Бірақ бұл шектеулер біртіндеп алына бастады" деді.

«Шекарасыз жұмыс» жүйесі Еуразиялық Одаққа мүше кез келген елде жұмысқа тұруға жол ашады. Еуразиялық экономикалық комиссияның мәліметінше, бұл жоба жыл аяғына дейін іске қосылады. 

 ЕЭК ішкі нарықтар және ақпараттандыру жөніндегі министрі Гегам Варданян: "Дерек қорлар бір жерде шоғырланбайды. Мәселен бір мамандық бойынша жұмыс іздеген адам барлық елдер бойынша ақпаратты қарай алады" деді.

Шекаралар жабылғаннан кейін  Мәскеуге келетін мигранттардың саны 40%-ке азайған. Қала мэрі қыс мезгілінде коммуналдық шаруашылықта жұмыс қолы жетіспеуі мүмкін екенін ескертті. Өйткені жергілікті тұрғындар жалақысы аз әрі ауыр жұмысқа мүлдем қызықпайды. 

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының мәліметіне сүйенсек, мұндай жағдай 2021-жылдың қазан айына дейін сақталуы мүмкін.  Ресей есеп палатасының мәліметінше, биыл екінші тоқсанында әлем бойынша 400 миллион жұмыс орны қысқарған. Сарапшылардың пікірінше пандемия әлі бірнеше жыл бойы еңбек нарығына кері әсер етеді.

Қазір оқып жатыр

Қазақстанда ескі көліктерді утилизациялау бағдарламасы қайта іске қосылмақ

утиль алымы

Қазақстанда тұрғын үйге сұраныс төмендегенімен, жаңа баспананың бағасы 14,6%-ға өскен

Баспана

2028 жылға қарай мектеп пен ЖОО түлектерінің 80%-ы ЖИ бойынша базалық дағдыларды меңгереді

Digital Qazaqstan

Қазақстан медицинасы бірыңғай цифрлық жүйеге көшеді

Сот-медициналық сарапшы