5 Желтоқсан 13:15
...

Білім беру саласындағы халықаралық тәжірибелердің ғылымға маңызы

Ғылым
Фото: Ғаламтордан

Білім беру саласындағы халықаралық тәжірибелердің ғылымға маңызы зор. Әлемнің  әртүрлі елдерінде қолданылатын білім беру жүйелерінің үздік үлгілерін зерттеу және енгізу ғылымның дамуына тың серпін береді.

Жаһандық тәжірибе ғылыми-зерттеу процестерін жетілдіруге, жаңа идеялар мен әдістерді енгізуге мүмкіндік туғызады. Мысалы, академиялық алмасу бағдарламалары, халықаралық конференциялар мен бірлескен зерттеулер ғалымдардың кәсіби деңгейін арттырып, олардың әлемдік ғылым кеңістігіне интеграциялануын қамтамасыз етеді.

Сонымен қатар, халықаралық білім беру тәжірибесі ғылыми жаңалықтарды практикалық тұрғыда қолдануға жол ашады. Әлемнің жетекші университеттеріндегі озық зерттеу әдістемелері мен білім беру құралдары жас ғалымдарға ғылымды тиімді әрі инновациялық тұрғыда игеруге жағдай жасайды. Бұл өз кезегінде ғылыми зерттеулердің сапасын арттырып, нәтижелерін өндірістік және әлеуметтік салаларға ендіруге ықпал етеді.

Халықаралық тәжірибе ғылыми қауымдастықтар арасындағы ынтымақтастықты нығайтады. Әртүрлі елдердің ғалымдары бірлескен жобаларды жүзеге асыру арқылы ортақ мәселелерді шешіп, жаһандық деңгейдегі ғылыми міндеттерге жауап береді. Бұдан бөлек, әртүрлі мәдениеттердің білім беру жүйесін түсіну ғалымдардың дүниетанымын кеңейтіп, зерттеу ауқымын ұлғайтады.

Заманауи ғылымда деректермен жұмыс істеу, цифрлық технологияларды қолдану, жасанды интеллект пен үлкен деректерді талдау секілді дағдылар маңызды орын алады. Бұл бағыттар бойынша халықаралық білім беру стандарттарын қабылдау ғалымдардың заманауи технологиялармен жұмыс істеу қабілетін арттырады. Сонымен қатар, шетелдік зерттеу орталықтарымен байланыс орнату ғылыми жобаларды қаржыландыру мүмкіндігін кеңейтіп, білім мен ғылымды қарқынды дамытуға мүмкіндік береді.

Түркістан облысында жаңа оқу жылында облыстық білім басқармасының «Білім беруді дамыту орталығы» КММ 2024-2025 жылдарға арналған «Баршаға қолжетімді сапалы білім» ұлттық баяндамасы аясында Түркістан облысында іске асырылатын Жол картасына сәйкес «Daryn teacher» ЖШС-мен бірлесе отырып халықаралық оқыту курсын ұйымдастырды. Курс үш кезең бойынша ұйымдастырылды. Бірінші кезең онлайн форматта өтті. Нәтижесінде үздік деп танылғандар Алматы қаласында іріктелді. Соңында екі кезеңнен өткен педагогтар Малайзия және Сингапурға аттанды. Халықаралық оқыту курсының үшінші кезеңі 2024 жылдың 24 қарашасы мен 30 қарашасы аралығында «Мұғалімдердің болашақтағы және заманауи білім беру сапасын арттыру» тақырыбында өтуде.

Курстың алғашқы күні педагогтер Малайзия астанасы Куала-Лумпур қаласында орналасқан «Musium Negara Kuala Lumpur» тарихи мұражайына барып, ел тарихымен, мәдениетімен танысты. Мұражайда ежелгі тас дәуірінің бұйымдары, малай халқының ұлттық киімдері мен тұрмыстық заттар, монарх тағы және тағы басқа құнды жәдігерлер қойылған. Күннің екінші жартысында педагогтер Куала-Лумпур қаласының көрікті орындарына саяхат жасады. 88 қабаттан тұратын, биіктігі 451 метр әлемге әйгілі «Петронас» қос мұнарасына барып, сәулет өнерінің жетістіктерімен танысты. Мұнарада орналасқан океанариум педагогтар үшін ерекше әсер қалдырды. Сонымен қатар «Taman botani perdana» ботаникалық бағына барып, сан түрлі өсімдіктер әлемінің ғажайыптарына куә болды.

Қорыта айтқанда, білім беру саласындағы халықаралық тәжірибелер ғылымды дамытудың ажырамас бөлігі болып табылады. Бұл тәжірибе зерттеулердің сапасын арттырып қана қоймай, ғалымдар арасындағы ынтымақтастықты күшейтеді және жаһандық деңгейде ғылыми әлеуетті арттыруға ықпал етеді.