USD
USD
USD

«Шахтер» футбол клубы Тимур Турловтың меншігіне өтті

Қарағандының «Шахтер» футбол клубын Freedom Holding Corp. тобына кіретін қазақстандық кәсіпкер Тимур Турловқа тиесілі компания сатып алды.

Шахтер
Фото: Қарағанды облысының әкімдігі

Астана, NEGE. Бұл туралы Қарағанды облысының әкімдігі мәлімдеді.

Қарағанды облысының әкімдігі мен танымал кәсіпкер Тимур Турлов өңірде жаңа футбол экожүйесін құру жұмыстарын бастады. Бұл мақсатқа жалпы 18,5 млрд теңге бөлінген: оның 12 млрд теңгесі жаңа футбол академиясын салуға, ал 6,5 млрд теңгесі балалар-жасөспірімдер мен бұқаралық футболды дамытуға бағытталған,  – делінген хабарламада.

Футбол академиясы шамамен 10 гектар жерді алады. Жоба аясында стадионнан бөлек жыл бойы дайындық жасауға арналған жабық манеж, толық өлшемді жаттығу алаңы, екі қабатты әкімшілік-бөлме кешені, медициналық орталық, бассейн, сауна, асхана және тәрбиеленушілерге арналған жатақхана қарастырылған.

Барлық нысандар жылы дәліздер арқылы қосылады, ал аумаққа воркаут-зона, тренажерлар, саябақ және автотұрақ орнатылатыны айтылған.

Негізгі құрылыс-монтаж жұмыстарын 2027 жылы аяқтау жоспарланып отыр.

Қазір оқып жатыр

Астанадағы фельдшер қазасы: прокурор МИБ басшысының 2 жылға бас бостандығын шектеуді сұрады

прокурор Саяжан Серікова

Мәслихат депутаттары қайта сайланады: Тоқаев Жарлыққа қол қоятынын айтты

Қазақстан Халық Кеңесі

Тоқаев: Қандай да бір тілге қарсы күресу – Жаратқанға қарсы шығумен тең

Қасым-Жомарт Тоқаев

Алматыда түнде ҚазҰУ кешеніндегі Студенттер сарайының төбесі опырылып түсті

Төбесі опырылып түскен студенттер сарайы