USD
USD
USD

Маңғыстау полициясының басшысы өзін тексеруге ұсыныс жасады

Әлеуметтік желілерде Маңғыстау облысы полиция департаментінің бастығы мен оның орынбасарлары ұйымдасқан қылмыстық топ құрды деп айыптайтын мәлімдеме тараған.

ПД
Фото: Маңғыстау облысының Полиция департаменті

Астана, NEGE. Департамент бастығы Сағындық Аяғанов аталған ақпараттың жалған екенін айтып, тексеру жүргізуге өзі ұсыныс жолдағанын мәлімдеді. 

Маңғыстау облысы Полиция департаментінің бастығы Аяғанов Сағындық интернетте тараған анонимді хаттағы мәліметтерге қатысты тексеру жүргізу туралы бастаманы өз еркімен көтеріп, Ішкі істер министрлігіне және тиісті уәкілетті органдарға ресми хат жолдады, – делінген департамент хабарламасында.

Сонымен қатар, ол тексеру барысында ашықтық пен объективтілікті қамтамасыз ету мақсатында мәслихат өкілдері мен қоғам белсенділерін де қатыстыруды ұсынды. Департамент уәкілетті органдардың әрі қарайғы шешімдерін күтетінін айтқан.

Айта кетейік, 19 қарашада, әлеуметтік желілер мен WhatsApp мессенджері арқылы өңірдің бас полицейі мен оның орынбасарларын ұйымдасқан қылмыстық топ құрды деп айыптайтын бірлескен мәлімдеме тарала бастады.

Маңғыстау облысы полиция департаментінің басшылары ұйымдасқан қылмыстық топ құрып, бізді орындалмаған жұмыстардың актілерін (Форма-1), шот-фактуралар мен төлем құжаттарына қол қоюға мәжбүрлеуде, сондай-ақ мемлекеттік қаражатты өз бақылауындағы жалған ЖШС-ларға аударып, бюджеттік қаражатты өз бетінше иемденуде, – делінген хабарламада.

Полиция департаменті аталған ақпаратты теріске шығарды. 

Қазір оқып жатыр

Рақымшылық аясында жалпы сомасы 22 млрд теңгеден асатын айыппұлдар кешірілді

әкімшілік айыппұл

Тоқаев: «Қытай Қазақстан экономикасына 30 млрд доллардан астам инвестиция салды»

Қытай

СҚО-да бюджет қаражатын жымқырғаны үшін ауылдық әкімдік бухгалтерлері сотталды

бюдже қаржысын жымқыру

«Семей орманы» резерватында өрт шықты

өрт