Құрылтай — 23 тамыз
USD
USD
USD

Ташкент әкімі нан пісірмейтін әйелдер онкологиялық ауруларға ұшырайтынын айтты

Ташкент облысының әкімі Зойир Мирзаев тандыр нан пісірмейтін әйелдер онкологиялық ауруларға ұшырайтынын айтты, деп жазады Kun.uz басылымы. 

Ташкент
Фото: Ташкент облысының әкімдігі

Астана, NEGE. Оның айтуынша, қазір әйелдер тандыр нан пісірмейтін болған. 

«Махалларға (ауылдарға) шыққанда көретініміз – тандыр жоқ. Нан пісірмейді. Бұрын жүгері ұнын, қара бидайды араластырып, ерекше болып шығатын қара бидай нанын пісіретін. Қазір ерлерді де ашытқымен жасалған наубайхана нанына үйретіп қойды, – дейді әкім.

Айтуынша, ол Самарқандта жұмыс істеген кезде корей делегациясы келіп, әйелдердегі онкологиялық аурулардың өсу себептерін зерттеген. Сөйтіп делегация 7–8 факторды атаған. 

«Бірінші орында – қимыл-қозғалыстың аздығы. Төртінші фактор – тандырда нан пісіруден бас тарту. Тандырда нан пісіретін әйел ракпен ауырмайды», – деді Мирзаев.

Оның сөзінше, әйел тандырға жақындағанда, дене қызады, содан кейін қан айналымы екі есе жылдамдайды, бұл жылдамдық тамырларды тазартатын көрінеді. 

Қазір оқып жатыр

Қазақстанда 10 мыңнан астам сайлау учаскесінде дауыс беру басталды

үгіт-насихат

Павлодар облысында алғаш боп дауыс берген сайлаушыларға сыйлықтар табысталды

Сайлау туралы заң

Құрылтай сайлауында Корея мен Жапониядағы қазақстандықтар алғашқы болып дауыс берді

Құрылтай сайлауы

Қазақстанда 1,8 млн бала мен жасөспірім тұрақты түрде спортпен айналысады

ойын