27 Қараша 22:05

Жетісу облысы әкімінің орынбасары қызметінен кетті

Фото:

Жетісу облысы әкімінің бұйрығымен облыс әкімінің орынбасары Рустам Әли қызметінен босатылды. 

Талдықорған, NEGE. Өткен жұмада Жетісу облысының әкімі Бейбіт ИСАБАЕВ Орталық коммуникацилар қызметінде брифинг өткізіп, журналистердің сұрағына жауап берген болатын.

Осы жиында NEGE тілшісі әкімге облыстағы ішкі саясаттағы салғырттықтар туралы сауал қойып, облыс әкімінің ішкі саясат жөніндегі орынбасары Рустам ӘЛИДІ не себепті қызметінен босатпағанын сұраған.  

Бүгін Жетісу облысы әкімінің бұйрығымен Рустам Әли «басқа жұмысқа ауысуына байланысты» қызметінен босатылды. Сондай-ақ облыс әкімінің бұйрығымен Марлен КӨЛБАЕВ облыс әкімінің орынбасары болып тағайындалды. 

М.Көлбаев бұған дейін Көксу ауданының әкімі болған.

Тегтер: