14 Қыркүйек 11:15

Астанада гипермаркеттің жабылуын күтіп, ішінде ойына келгенін істеген тиктокерлер ұсталды

Фото:

Тиктокерлер дүкен жабылар алдында кіріп, жасырынып қалған.

Алматы, NEGE. Кейін супермаркет жабылған соң әлеуметтік желіде стрим түсіріп, тамақтарды жеген. Видеоны полиция мен күзет агенттігінің қызметкерлері байқап қалған. Олар супермаркеттен кейін бірден полиция учаскесіне жеткізілді.

Олардың үстінен «Ұсақ бұзақылық» бабымен іс қозғалды. Қазір қамауда.

Тегтер: