USD
USD
USD

«Анашым, мен сізді жақсы көремін» – Депутат Ардақ Назаров Мәжіліс отырысында анасын мерейтойымен құттықтады

Мәжіліс депутаты Ардақ Назаров Мәжіліс отырысында анасын 70 жасқа толған мерейтойымен құттықтады.

Ардақ Назаров
Фото: Мәжіліс

Аcтана, NEGE. Депутат сауал жолдамас бұрын анасының 70 жас мерейтойымен құттықтағысы келетінін жеткізді.

«Менің анашымның бүгін туған күні еді, 70 жасқа толып отыр. Құттықтауға рұқсат етсеңіз! Қадірлі анашым, сізді туған күніңізбен шын жүректен құттықтаймын. Сіздің мейірімге толы жүрегіңізге және жүзіңізден төгілген нұрға бөленіп өстім. Анашым, әкетайым екеуіңіз құстың қос қанатындай мәңгі бірге болып, Құдай бере салған немерелеріңіздің қызығын көріңіздер. Анашым мен сізді қатты жақсы көремін. Сіздің алдыңызда басымды иемін. Баршаңыздың аналарыңыз аман болсын», – деді Ардақ Назаров.

Мәжіліс спикері Ерлан Қошанов та депутаттың анасын құттықтап, Анаңызға біздің де құттықтауымызды жеткізіңіз деді. 

Қазір оқып жатыр

«Тентек» шахтасы кейінгі он жылда алғаш рет миллион тонна көмір өндірді

.

Qarmet пен Allur 500 жасты жұмыспен қамтуды жоспарлап отыр

Qarmet

Қазақстан дамудың жаңа кезеңіне қадам басты – Тоқаев

вице-президент

Жезқазған зиратында қабір басындағы топырақ опырылған: әкімшілік себебін түсіндірді

.