Әл-Фараби мен Қожа Ахмет Ясауи еңбектері малай тіліне аударылуы мүмкін
Қазақстан Республикасының Ұлттық кітапханасында Малайзияның Селангор штаты делегациясымен ресми кездесу өтті. Басқосу кәсіби және мәдени ынтымақтастық мәселелеріне арналды, деп хабарлайды ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігі.
Алматы, NEGE. Министрліктің Архив, құжаттама және кітапхана ісі комитетінің төрағасы Рустам Али мемлекет кітапхана саласын жүйелі түрде қолдап, министрлікке қарасты кітапханаларды жаңғыртуға ерекше назар аударып отырғанын атап өтті.
Селангор штатының бас министрі Амируддин бин Шари Қазақстанмен мәдени байланыстарды кеңейтуге қызығушылық танытты. Ол ислам мұрасының көрнекті ойшылдары — Әбу Насыр әл-Фараби мен Қожа Ахмет Ясауидің еңбектерін малай тіліне аударуға қолдау көрсетуге дайын екенін жеткізді. Сонымен қатар балалар кітапханаларының әлеуетін арттыруға да ерекше көңіл бөлінетінін айтты.
Кездесу барысында Селангордың Қоғамдық кітапханалар корпорациясының директоры Мастура бинти Хаджи Мұхаммад пен ҚР Ұлттық кітапханасының директоры Газиза Құдайберген ынтымақтастық жөніндегі меморандумға қол қойды. Құжат серіктестік қатынастарды дамытуға бағытталған.
Тараптар сондай-ақ цифрландыру, тәжірибе алмасу және жаңа сервистерді енгізу мәселелерін талқылады.
Қазір оқып жатыр
Kaspi.kz Астанада өтетін IOAI 2026 халықаралық жасанды интеллект олимпиадасының бас серіктесі болды
Іздеуде жүрген төрт қазақстандық ҰҚК арнайы жасағының конвойымен елге жеткізілді
Қазақстанда медианалық жалақы 331 мың теңге болды
Ең қымбат күзетші. Инвестициялық қор НЕГЕ өзін-өзі асырай алмай қалды?