USD
USD
USD

Арсен Жұма грек-рим күресінен әлем чемпионатында қола алды

Қазақстандық Арсен Жұма (55 келі) грек-рим күресінен Болгарияның Самоков қаласында өтіп жатқан 20 жасқа дейінгілер арасында әлем чемпионатында қола жүлдегер атанды. 

Р
Фото: Olympic.kz

Алматы, NEGE. Қола жүлде үшін белдесуде ол Қырғызстан спортшысы Омур Ынтымак уулун тізе бүктірді.
Айта кетейік, бұған дейін Диас Сейітқалиев (82 келіге дейін) күміс жүлдеге қол жеткізген болатын.

Әлем чемпионатында грек-рим күресінен бапкерлер Диас Сейітқалиев, Арсен Жұмадан өзге Саламат Мұратұлы (60 келі), Дамир Ибрашов (63 келі), Әлібек Тұрлығазы (67 келі), Юсуф Ашрапов (72 келі), Ақжан Ықыласов (77 келі), Темірлан Тұрдақын (87 келі), Нұрасыл Аманалы (97 келі), Қуаныш Амангелді (130 келі) сынды спортшыларға сенім білдірді.

Дүбірлі додада әлем чемпионатында еркін күрестен Қазақстан құрамасы жалпы командалық есепте екінші орынға табан тіреп, 1 алтын, 1 күміс, 3 қола медаль алды.
Ел құрамасынан Едіге Қасымбек (125 келі) чемпион атанса, Камиль Куруглиев (92 келі) күміске қол жеткізді. Ал Нұрданат Айтанов (57 келі), Досжан Кұлғайып (74 келі) және Самир Дурсунов (97 келі) үздік үштікті түйіндеді.

Қазір оқып жатыр

Alatau City жобасына Еуропа елдерінен инвесторлар тартылмақ

Делегация Алатау сити

Болат Өтемұратов OLX Қазақстанды 81 миллион долларға сатып алды

Болат Өтемұратов

Ташкентке жарысқа барып, ауруханаға түскен жас футболшылар елге оралды

Ташкентте емделген футболшылар мен дәрігерлер, елшілік өкілдері

Павлодар колониясында 12 жылға сотталған жігіт өлі күйінде табылды

рақымшылық