Мұнай-газ саласында жергілікті тауар мен қызмет көлемі артып келеді
Астанада еліміздегі ірі мұнай-газ жобаларының жер қойнауын пайдаланушылары отандық тауар өндірушілермен және қызмет көрсетушілермен құны 240 миллион долларданасатын қаржығакелісім-шарт жасасты. Атап айтқанда, «Теңізшевройл» ЖШС (ТШО) Теңіз кен орнында өзіне қажетті жергілікті өнім мен қызметтің кең спектрін қамтитын жергілікті өндірушілермен және қызмет көрсетушілермен, яғни 12 қазақстандық компаниямен келісімшарттарға қол қойды.
12 отандық өндіруші – жаңа жеткізуші
Келісімшарттардағы кейбір назар аударарлық позицияларға «Emerson Kazakhstan» жергілікті өндірілген қысым бергіштері, «Honeywell Kazakhstan» компаниясының қазандыққа арналған бақылау жабдықтары, «Атырау НефтеМаш»-тың күкіртті балқытуға арналған резервуары және құбырлар, фланецтер мен фитингтерге арналған материалдары, «IPSS Caspian» бұрылмалы бітеуіштері, «Asia Filters» технологиялық сүзгілері, «Studbolt Manufacturing» шпилькалары мен сомындары, «Alageum» ЖШС қосалқы станциялары, «Centech» кабельдік науалары, «PSI Group» қашықтағы бақылау блоктары, сондай-ақ «Gradex» компаниясы орындаған азаматтық құрылыс/инфрақұрылымдық жұмыстары мен электр монтаждау жұмыстары / БӨА бойынша жұмыстары, «UnixStroy» компаниясы іске асыратын азаматтық құрылыс/инфрақұрылымдық жұмыстары жатады.
«ТШО сатып алатын тауар мен қызмет түрлерінде қазақстандық қамтудың жалпы деңгейі өсті. 1993 жылы 11% болса, 2023 жылы 71%-ға дейін жетіп отыр. Ынтымақтастықты әрі қарай да жалғастыратынымыз сөзсіз» – деді «Теңізшевройл» ЖШС бас директорының орынбасары Көңілқош Сүйесінов.
Компаниялар неге разы?
ТШО-ға тауар жеткізетін тағы да бір қазақстандық компания – «PSS Caspian» компаниясы. Оның негізі 2017 жылы қаланған. ASME B 16.48 халықаралық стандартына сәйкес айналмалы тығындарды (тығыздама) өндіреді. Компания бас директоры Әділбек Дәулетияровтың айтуынша, 2016 жылы қазақстандық кадрлардың әлеуетін және Ұлыбританиядан келген серіктестердің тығындар шығарудағы халықаралық тәжірибесін біріктіру мүмкіндігі пайда болған, сол кезде осындай кәсіпорын құру идеясы туындапты.
«Бүкіл үдеріс барысында ТШО қазақстандық қамту өкілдерінің жоғары кәсібилігі мен бейтарап көзқарасын атап өткен жөн деп ойлаймын. – дейді Әділбек Дәулетияров. – Тапсырыс берушінің барлық талаптары мен рәсімдерін орындай отырып, біліктілікті тексеруден сәтті өттік. ТШО зауыттарын күрделі жөндеуде одан әрі пайдалануына қажет айналмалы тығындарды жеткізуге бірінші тікелей тапсырысқа қол қойдық. Бұл компаниямыздың негізгі және аса маңызды жетістігі болды».
ТШО-мен келісім-шартқа отырған отандық компаниялардың арасында тауардың жаңа желісін жеткізуші «Эмерсон» ЖШС да бар.
«Жергілікті қамтуды қолдау бағдарламасы аясында 2021 жылы біздің компания Атырауда қысым бергіштер мен сақтандырғыш клапандарды құрастыратын зауыт ашу туралы шешім қабылдады. Біз іске қосу және өнім сапасының сертификаттарын алу кезеңінен сәтті өттік. Бұл биыл 15 мамырда «Теңізшевройл» ЖШС-мен жергілікті өндірілген қысым бергіштерді сатып алу бойынша алғашқы келісім-шарт жасауға мүмкіндік берді. Бұл – біз үшін маңызды меже», – дейді Татьяна Кан, «Эмерсон» ЖШС негізгі тапсырыс берушілермен байланыс жөніндегі менеджері.
«Бизнесті дамытуға мүмкіндік береді»
ТШО-мен келісімшарт жасасқан атыраулық тағы бір отандық компания – «Градекс KZ» ЖШС директоры Руслан Баймурзин де осы шарттың стратегиялық маңыздылығын атап өтті.
«ТШО-мен ынтымақтастық бізге жаңа технологиялар мен саладағы үздік тәжірибелерге қол жеткізуге, үдерістеріміз бен жобаларды орындау тәсілдерін үнемі жетілдіруге мүмкіндік береді. Әрине, бұл – еңбекті және қоршаған ортаны қорғау саласындағы жұмыстарды орындау ретінде халықаралық стандарттар мен саясаттар. Бұл жайттар компанияның болашақта халықаралық нарықтарға шығуға және дүниежүзілік құрылыс жобаларына қатысуға мүмкіндік береді», – деп атап өтті Руслан Баймурзин.
Оның айтуынша, «Градекс KZ» ЖШС – 2008 жылы құрылған және Атырау облысында азаматтық және өнеркәсіптік құрылыс, сондай-ақ тауарлық бетон өндіру саласында дамып келе жатқан 100% жергілікті компания. Компания кешенді құрылыс-монтаждау жұмыстарын жасайды.
«Теңізшевройл»-мен жұмыс барысында біз жергілікті кадрларды даярлаудың жаңа деңгейіне шығудың артықшылығын көріп отырмыз. Бұл біз үшін өте маңызды. ТШО-мен жұмыс істеудегі тұрақтылық біздің қызметімізді жоспарлауға және тұрақты қаржылық көрсеткіштер негізінде бизнесті дамытуға мүмкіндік береді. «Теңізшевройл» тәжірибелі мамандарымен тәжірибе және білім алмасу мүмкіндігін бағалаймыз», – дейді «Градекс KZ» ЖШС басшысы.
Компания әрқашан жобалардың жоғары сапаға сәйкестігін, мерзімдерін және қауіпсіздік пен қоршаған ортаны қорғаудың қатаң стандарттарын сақтауды мұқият қадағалайтынын атап өтті. 2023 жылы жер қойнауын пайдаланушылар 6,7 трлн теңгеге тауар, жұмыс мен қызмет сатып алды. Оның 61% немесе 4,1 трлн теңгесі отандық тауар өндірушілер мен жұмыс берушілерге тиесілі болды. Мұнай-газ саласының барлық сатып алуларының 70%-ын ТШО, КПО және НКОК қамтамасыз етеді. Онда қазақстандық қамту үлесі – тауарда 12%, жұмыста – 71% және қызметте – 57%.
ТШО: 30 жылдық тәжірбие және жаңа мүмкіндік
ТШО-ның бір мезетте 12 қазақстандық компаниямен мұндай ірі көлемде қелісім-шарт жасасуы әсте тегін емес. Бұған 30 жылғы төгілген тер септігін тигізіп отыр. Осы уақыт ішінде ТШО елдің бюджетіне 43,6 млрд АҚШ доллары көлемінде жергілікті тауар мен қызметті сатып алыпты. Бұл тікелей қаржылық төлемдерді ескермегендегі көрсеткіш.
2022 жылы компания бұл тұрғыдан ең жоғары деңгейге көтерілді. Соңғы алты жыл ішінде қазақстандық жеткізушілердің үлесі 70 пайыздан асты. Бұл еліміздің барлық аймақтарына экономикалық белсенділікті арттыратын мультипликативті әсер берді.
Бұған бір ғана мысал айта кетейік. «АтырауНефтеМаш» ЖШС-ның бас директоры Салтанат Әділованың айтуынша, ТШО-мен бірлескен жұмысы қысымда жұмыс істейтін шағын ыдыстарды шығарудан басталды. Содан кейін тот баспайтын болаттан, арнайы қорытпалардан тұратын түрлі тегенелер, колонналық құрылғылар, сепараторлар, реакторлар, жылу алмасушы аппараттар, металл құрылғылар шығару келесі қадамға айналған.
– Зауыт ТШО-ға жақын жерде орналасқан. Бұл да маңызды нәрсе. Жылу алмасу аппараттарын жөндеу, түрлі құбырларды жасау бойынша ынтымақтастың жаңа бағытын түзуге септігін тигізіп отыр. Осы жылдар бойы «АтырауНефтеМаш» ЖШС маңызды мұнай операторының айналасына топтасқан инфрақұрылымдық кластердің лайықты элементіне айналды, – дейді бас директор.