Жақсылық Омарға шығарылған үкім өзгеріссіз қалды

20 мамыр күні Өскеменде 6 жылға сотталған облыс әкімінің бұрынғы орынбасары, қаланың экс-әкімі Жақсылық Омардың ісі бойынша апелляциялық шағым қаралды.

gov.kz

Астана, NEGE. Шығыс Қазақстан облыстық сотының сот алқасы бірінші сатыдағы сот үкімін өзгеріссіз қалдырды, деп хабарлады соттың баспасөз қызметі.

«Сот алқасы бірінші сатыдағы сот сотталған адамның әрекеттерін дұрыс саралаған, ал жаза түрі мен мерзімін заң талаптарына сәйкес тағайындаған деген қорытындыға келді», – делінген хабарламада.

Бұл ретте сот алқасы қоғамға үлкен қауіп төндіретін, мемлекеттік биліктің беделі мен қоғам сеніміне нұқсан келтіретін ауыр сыбайлас жемқорлық қылмысы жасалғанын ескерген.

Еске салсақ, Жақсылық Омарға қатысты қылмыстық іс бойынша сот процесі 19 наурызда басталған болатын. Ол Қылмыстық кодекстің екі бабы – аса ірі мөлшерде алаяқтық және аса ірі мөлшерде пара алу бойынша қылмыстық құқықбұзушылықтар жасады деп айыпталды. Экс-әкім сотта кінәсін толық мойындады.

3 сәуірде Өскемен қаласының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты оны аталған баптар бойынша кінәлі деп танып, оған 6 жылға бас бостандығынан айыру жазасын тағайындады. 

Айта кетейік, Жақсылық Омар 2025 жылдың сәуірінен бері Шығыс Қазақстан облысы әкімінің бірінші орынбасары қызметін атқарған. Бұған дейін облыс әкімінің кеңесшісі, сондай-ақ Өскемен қаласының әкімі болған.

Қазір оқып жатыр

Жазда Астанадан Балқаш, Үржар бағытында арзан рейстер ашылады

Есікті майыстырып жіберген: Жетісу облысында аш аю қонақ үйге кірмек болған

Алматы әкімдігі Орталық саябақтың 5 га жерін қайтарып алды

Сайлау жүйесіне қандай өзгерістер енгізіледі?