USD
USD
USD

Жақсылық Омар сотта кінәсін толық мойындады

Өскемен қаласының қылмыстық істер жөніндегі ауданаралық сотында қала әкімі болған, кейін Шығыс Қазақстан облысы әкімінің бірінші орынбасары қызметін атқарған Жақсылық Омардың ісі бойынша сот отырысы өтті.

Жақсылық Омар
Фото: instagram.com/zhaksylyk_omar

Астана, NEGE. Күдіктіге «алаяқтық» және «аса ірі мөлшерде пара алу» баптары бойынша айып тағылды, – деп жазады YK-news.kz. Прокурор екі эпизод бойынша айыптау актісін оқып берді.

Бірінші жағдай Жақсылық Омар Өскемен қаласының әкімі болып тұрған кезде болған.

Тергеу болжамы бойынша, ол жәбірленушіден қалалық кәсіпорындардың бірінен материалдық көмек ретінде автокөлік алу үшін өтініш рәсімдеуді сұраған. Жәбірленуші бұл өтінішті орындап, Toyota Camry 75 көлігін алған. Айтуынша, кейін көлікті әкімдік ғимаратына айдап барып, кілтін тапсырған да, содан кейін оны қайта көрмеген. Артынша көлік үшінші тұлғаның атына қайта рәсімделіп, айыпталушы пайдаланған trade-in бағдарламасы арқылы жаңарақ үлгідегі көлікке айырбасталған. Осылайша, жәбірленушіге 13 миллион теңге көлемінде шығын келтірілген, ал Жақсылық Омарға Қылмыстық кодекстің 190-бабы 3-бөлігі 1, 2-тармақтары бойынша (ірі мөлшердегі алаяқтық) айып тағылған.

Сот залында жәбірленуші өзіне келтірілген шығын өтелгенін және ешқандай талабы жоқ екенін мәлімдеді.

Екінші эпизод 2026 жылғы ақпанның басында болған.

Іс материалдарына сәйкес, Жақсылық Омар қала әкімдігі қызметкерлерінің бірімен кездесуде одан 20 миллион теңге сұраған. Оның өзі бұл өтініш болғанын айтады, бірақ айыптаушы оны пара алу деп бағалады.Әкімдік қызметкері мұндай әрекеттің заңға қайшы екенін сезіп, ҰҚК-ге жүгінген. Арнайы қызметтің бақылауымен ол Жақсылық Омармен қайта кездесіп, соманы бөліп-бөліп төлеуді ұсынған, ал ол бұған келіскен. Сол күні үшінші тұлға арқылы күдіктіге 6 миллион теңге қолма-қол берілген. Бұған қоса күдіктінің тұрғылықты жерінен және жұмыс орнында ұстау кезінде 5,6 миллион теңге табылған.

«Сотталушы кінәсін толық мойындады. Оның қорғаушылары бас бостандығынан айырумен байланысты емес жаза тағайындауды сұрады. Сондай-ақ туыстарының айыппұл төлеуге қажетті соманы жинап қойғанын айтты. Төлем қабілетін дәлелдеу үшін шотта 112 миллион теңге бар екені туралы үзінді көшірме ұсынылды», – деп жазады басылым.

Айта кетейік, бұл қылмыстық іс бойынша келесі сот отырысы 26 наурызға белгіленген.

Қазір оқып жатыр

Алатау офшорлық аймақ болмайды – Бозымбаев

Қанат Бозымбаев

Алатау өзін-өзі қамтамасыз еткенге дейін қала бюджетінен қаражат алынбайды

«Алатау» АЭА

Депутат әкімшілік амнистияны «екі ұшты таяқ» деп бағалады

Базарбек

Алатау қаласы туралы заң жобасын әзірлеуде Қытай, Корея және Дубай тәжірбиесі ескерілген

Алатау қаласы