USD
USD
USD

Жақсылық Омарға үкім шықты

Бүгін Өскемен қаласының ауданаралық қылмыстық істер жөніндегі сотында Шығыс Қазақстан облысының бұрынғы бірінші орынбасары, Өскемен қаласының экс-әкімі Жақсылық Омарға үкім оқылды.

Жақсылық Омар/Instagram
Фото: Жақсылық Омар/Instagram

Астана, NEGE. Сот оны алаяқтық және пара алу баптары бойынша кінәлі деп танып, 6 жылға бас бостандығынан айыру жазасын тағайындады, деп жазды YK-news.kz.

Сондай-ақ бұрынғы шенеунікке өмір бойына лауазымды мемлекеттік қызмет атқаруға тыйым салынып, Toyota автокөлігі тәркіленді.

Ол жазасын қауіпсіздігі орташа мекемеде өтейді.

Еске салсақ, 19 наурызда Шығыс Қазақстан облысы әкімінің бірінші орынбасары Жақсылық Омарға қатысты қылмыстық іс бойынша сот процесі басталған болатын. Ол Қылмыстық кодекстің екі бабы – аса ірі мөлшерде алаяқтық және аса ірі мөлшерде пара алу бойынша қылмыстық құқықбұзушылықтар жасады деп айыпталды.

Экс-әкім сотта кінәсін толық мойындады. Оның қорғаушылары сотта бас бостандығынан айырудан басқа жаза тағайындауды сұрады. Сондай-ақ туыстарының айыппұл төлеуге қажетті соманы жинап қойғанын айтты.

Бұл ретте прокурор Жақсылық Омарды 6 жылға бас бостандығынан айыруды сұрады. Мемлекеттік айыптаушы жеңілдететін мән-жайлар ретінде Жақсылық Омардың бұрын сотталмағанын және жеті бала тәрбиелеп отырғанын ескеруді сұрады. Ауырлататын мән-жай ретінде мемлекеттік қызметші антын бұзғаны көрсетілді.

Қазір оқып жатыр

Жазда Астанадан Балқаш, Үржар бағытында арзан рейстер ашылады

әуе рейстері

Жақсылық Омарға шығарылған үкім өзгеріссіз қалды

Жақсылық Омар

Есікті майыстырып жіберген: Жетісу облысында аш аю қонақ үйге кірмек болған

Аю

Алматы әкімдігі Орталық саябақтың 5 га жерін қайтарып алды

Орталық саябақ