USD
USD
USD

Өскеменде Жақсылық Омардың ісі бойынша сот отырысы басталады

Бүгін Өскемен қаласында Шығыс Қазақстан облысы әкімінің бірінші орынбасары Жақсылық Омарға қатысты қылмыстық іс бойынша сот процесі басталады.

Жақсылық Омар
Фото: gov.kz

Астана, NEGE. Сот кабинетіндегі құжатқа сәйкес, ол Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің аса ірі мөлшерде алаяқтық (190-бабы 3-бөлігі 1, 2-тармақтары) және аса ірі мөлшерде пара алу (366-бабы 3-бөлігі 3-тармағы) баптары бойынша қылмыстық құқықбұзушылықтар жасады деп айыпталуда.

Қазіргі уақытта Жақсылық Омар қамауда отыр. Іс Өскемен қаласының қылмыстық істер жөніндегі ауданаралық сотында қысқартылған тәртіпте ашық сот отырысында қаралады.

Негізгі сот талқылауы бүгін, 19 наурызға белгіленген.

Айта кетейік, ақпанда әлеуметтік желілерде Шығыс Қазақстан облысы әкімінің бірінші орынбасары Жақсылық Омардың ұсталғаны жөнінде ақпарат тараған еді. Бұл ақпаратқа облыс әкімдігінің баспасөз қызметі оның денсаулығына байланысты уақытша еңбек демалысына шыққанын айтып, пікір білдірген болатын.

Кейін Ұлттық қауіпсіздік комитеті Жақсылық Омарға қатысты іс тіркелгенін растады.

Жақсылық Омар Шығыс Қазақстан облысы әкімінің бірінші орынбасары қызметін 2025 жылдың сәуір айынан бастап атқарып келеді. Оған дейін 2018–2024 жылдар аралығында Өскемен қаласының әкімі болған.

Қазір оқып жатыр

Ақтөбедегі қайғылы оқиға: АГҚС иесі уақытша ұстау изоляторына қамалды

.

Үкімет жанар-жағармай тапшылығына жол бермеу үшін шекарадағы бақылауды күшейтеді

.

Ақтөбеде өртенген көліктен үш адамның денесі табылды

.

«Атыраулық хакер» Түркиядан Қазақстанға қайтарылды

.