23 сентября 2024 г. 14:17

Ұлт анасы «Ұлпан» сахналанды

Фото: Мүсірепов театрының инстаграм парақшасынан

Ғ.Мүсірепов атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық балалар мен жасөспірімдер театры 79 –маусымын бастады. Көрерменді сағындырған өнер ошағы шымылдығын «Ұлпан» қойылымымен ашты.

Ғ.Мүсіреповтың есімін иеленген театр ұжымы бұған дейін жазушының «Ақан сері – Ақтоты», Қозы Көрпеш– Баян Сұлу» пьесаларын сахналаса, енді қазақ әйелінің прототипіне айналған Ұлпанды театр тілінде сөйлетуді жөн көрген. Осы орайда Мәскеу қаласындағы Вахтангов театрының режиссері Гүлназ Балпейісова арнайы шақыртылған.

Мүсірепов театрының инстаграм парақшасынан

«Ұлпан» шығармасы ХІХ ғасырда қазақ даласында болған тарихи шындықа негізделген. Ондағы бас кейіпкер Есеней – қалың Керей мен Уақтың билігін қолына ұстаған атақты байы, батыры әрі аузы дуалы биі болған деседі. Оның екі ұлы бір күнде шешектен өлген соң балаға зар болып жүріп, өзінен қырық жас кіші Ұлпанға ғашық болады. Қолында билігі бар құрығы ұзын Есеней уақыт оздырмай, өзінің жауынгер досы Артықбайдың аңшы, құсбегі, ат құлағында ойнап өскен Ұлпанды ақыры  айттырады. Жас тоқал айналасы он-он бес жылда сыбан руының тіршілігін оңалутумен қатар, дүйім елге аты танылған ақылды анаға айналады.

Nege

Анығын айтқанда  бүіл Торғай уезіне Есенейдің аты Ұлпанның атымен қатар аталады. Тындыда қазақ ауылының жүз жылдық тұрмысы, әдет-ғұрпы, барымта, қалыңмал арқылы қыз айттыру, бай мен кедей арасындағы, ел арасындағы жер дауы, жесір дауы кеңінен қозғалады. Ал Ұлпан осы айтылған мәселелерді оңтайлы шешіп, ел билеуде есімі ерекшелене түседі. Спектакльде кейіпкердің бұл қасиеті  тамаша көрініс тапқаны сол, оның заман көшін кейін сүйреген әйел тағдырына қалай араша түскені айқын бейнеленеді. Кейіпкер бала жатырда жатқанда құдандалық басталатынын әйел тағдырына балта шабуға балайды. Сондай-ақ әмеңгерлікпен күйеуге шыққан әйел тағдырын да тыс қалдырмайды.

Есеней төсек тартып жатқанда төтенше сиезде сөз айтуға бекінген Ұлпан би-старшындардың алдында әмеңгерліктің қай түрі болса да жойылғаны дұрыс деп шарт қояды. «Ондай әйелдердің біреуінің бақытты болғанын атай аласыздар ма?! Ал мен отпен кіріп, күлмен шыққандардың жүзін атай аламын» деп көпшілікке терең ой салады.

Шешуші сәтте Ұлпан балалар ер жетіп бірін-бірі ұнатса ғана құдалық басталатынынын алға тартып, «Қыз көру» дейтін салтты әдет-ғұрпымызға айналдыру керектігін де тілге тиек етеді.

Nege

«Ерінен қалған малға әйел еншілес емес дегендеріңіз де үлкен жәбір», – деген ол жесір әйелдің үй иесі болып қала беруін меңзейді. Осы ретте әйелдің атымен аталған он руды тізбектей келе, қараша арасында қатып қалған қағидаға қарсы тұрады. Біржан сал Сарамен айтысқанда атын атай сиынған Қарқабат, Айбике, Нұрбике, Сүйімбике, Қызбике, Бикелердің атын тайсалмай атаған Ұлпан: «Қуандық, Сүйіндік, Қаржастай үш баласына еншісін тең бөліп берген шешесі емес пе?!», – деп өзін қаумалай қоршаған топқа тойтарыс бергені театр төрінде тамаша суретелген.

Спектакльде Есенейді – Әсет Иманғалиев, Ұлпанды – Толқын Нұрбекова, Артықбайды – Еркін Әбдірәшов, Түрікпен Мүсірепті – Ерден Жақсыбек, Шынарды – Анар Адилова, Наушаны – Гүлжамал Қазақбаева сомдайды. Ал алғашында жас Ұлпанды кейіптеген Рабина Белгібаева қойылым соңында Ұлпан мен Есенейдің көзқарашығына айналған Біжікен болып оралады.

Көненің көзін жаңғыртқан қойылымда ән-бимен қатар заманауи пластика да үйлесім тапқан.