Санжар Боқаев: Шағын және орта бизнес өлімші халде
Соңғы жарты жылда шағын белсенді компаниялардың саны 5 мыңға қысқарған (Дереккөз: FinProm).
Негізгі себеп – несие ала алмау. Өткен жылы «Бизнестің жол картасы-2025» бойынша «Даму» қоры игерілмеген және іске аспай қалған 12 млрд теңгені қайтарған.
2019 жылы «Даму» шағын және орта бизнеске бөлінген 30 млрд теңгенің 22,2 млрд теңгесін игермеген. Ойлап көріңізші, қыруар қаржы қозғалыссыз жатқан. Қазіргі уақытта «Дамудың» шотында 40 млрд теңгеден астам бос қаржы «иесіз» жатыр.
Бұдан бөлек, мен республикалық бюджетті қарап шықтым. 2021 жылға осы бағдарлама бойынша тағы 62 млрд теңге бөлінген. Не үшін? Бұрыннан бәрі түсінікті, бұл механизм жұмыс істемейді, ал «Даму» қоры мүлдем тиімсіз.
Нақты мысал келтірейін: ЖШС (атауын «Дамудың» сұрауы бойынша айтамын) бір айдан аз уақыт ішінде банктен мақұлдау алады, одан соң «Дамудың» Қарағанды облысы бойынша бөлімшесі өтінімді тұп-тура 3,5 ай қарайда да, содан соң ғана мақұлдайды. Бұдан соң жеңілдетілген несие беру үшін банк кепіл мүлікті рәсімдеуге тағы бір ай жұмсайды. Осылайша кәсіпкер 6 айын жоғалтады. Бизнес үшін 6 ай – өліммен тең. Үш жарым ай бойы «Даму» нені зерттеді? Бұл – тек былық және ұйым ішіндегі бюрократия.
Бұл құрылымның жұмысын түбегейлі қайта қарап, сұрақты қабырғасынан қою керек. Қорды қайта құрып, жоюға дейінгі мәселені қарастырған жөн.
Қор өзін-өзі дамыта алмай отырғанда бизнесті қалай дамытпақ?
P.S. Кәсіпкер ретінде маған өте өкінішті. Мемлекет бизнесті дамытуға ақша бөледі, ал мемлекеттік компаниялардың немқұрайлы қызметкерлері бизнесті өз қолдарымен өлтіріп жатыр.
Совет мультфильмі «Золотая антилопа» естеріңізде ме, сараң раджды алтынға көміп тастайды ғой. «Дамудағы» жағдай дәл осындай, мемлекеттік ақшаға көміліп жатыр. Әлдекім осыдан қарнын қампайтып жатқанына сенімдімін.