27 Сәуір 18:50

Жайық өзенінде су деңгейі төмендеп келеді

Өзен
Фото: БҚО ТЖД баспасөз қызметі

БҚО-да су тасқынының алдын алу және авариялық-құтқару жұмыстары әлі де жалғасып жатыр. Қазір Жайық өзеніндегі су деңгейі түсіп келе жатыр. Көрсеткіш – 8 м 50 см. Яғни су қауіпті деңгейіне дейін түсті, деп хабарлады ТЖД ресми өкілі Нұржан Төлеуіш ОКҚ брифингінде.

Алматы, NEGE. Облыста халықты эвакуациялау, құлақтандыру, бөгеттерді нығайту жұмыстары жалғасып жатыр. Соңғы тәулікте 12 адам эвакуацияланды. Су тасқыны кезеңінде жалпы облыс бойынша 14 001 адам эвакуацияланды. Оның 5786-сы - бала. 12 эвакуациялық пункте 2 447 адам орналасқан.

«Жергілікті масштабтағы 6 төтенше жағдай жұмыс істеп жатыр. Жедел штаб пен күнделікті мониторинг пен кезекшілік жүргізіліп жатыр. 1 млн текше метрден астам қар суы сорылды. 1,3 млн дана қапшық төселді. 26 617 тонна инертті материал төселді. Бұл жұмыстарға 3114 адам, 993 техника, 71 су сору құралы, 170 жүзу құралы мен 1 әуе кемесі жұмылдырылды», - деді спикер.

Қосымша күш-құралдардың жартысы Атырау өңіріне жіберілді. Облыс бойынша жағдай тұрақты және қатаң бақылауда.