8 Мамыр 17:36

Түркістанға оқушыларды апара жатқан газельден өрт шықты

Газель өртенді
Фото: ғаламтордан
«Шымкент-Самара» автожолында «Газель» көлігі отқа оранды. 

Алматы, NEGE. «Шымкент-Самара» автожолында «Газель» көлігі отқа оранды, деп хабарлайды Halyq Uni тілшісі.

Газельді жалын толығымен шарпыды. Ішінде болған 16 оқушы мен бір жүргізуші көліктен шығып үлгерді. Олар Қызылорда облысынан Түркістан қаласына экскурсияға бара жатқан, деп мәлімдеді Төтенше жағдайлар министрлігі.

Өрт сөндірушілер шақырылған сәттен бастап отты 37 минутта сөндірді. Зардап шеккендер жоқ. Қазір оқиғаның себебі анықталып жатыр.