8 Мамыр 19:29

Қызылорда қаласында жастар арасында жаппай төбелес болды

Жаппай төбелес
Фото: ғаламтордан
Қызылорда қаласында болған жастардың жаппай төбелесі жайында полиция түсініктеме берді. 

Алматы, NEGE. Қызылорда облыстық полиция департаменті оқиғаның болғанын растады.

«Полиция қызметкерлері жастардың бұзақылық әрекетіне тосқауыл қойды. Қылмыстық іс қозғалды. Оқиғаның мән-жайы анықталуда. Барлық қатысушылар жеткізіліп, тергеу жүргізілуде. Медициналық мекемеге жүгінгендер болған жоқ», - деп атап өтті департаменттен.