2 Сәуір 13:20

Үстел теннисі: Қазақстандықтар Хорватиядағы халықаралық турнирге қатысады

Теннис
Фото: Olympic.kz

Хорватияның Вараждин қаласында үстел теннисінен WTT Feeder халықаралық турнирі өтеді. Аталған сынға алты қазақстандық спортшы қатыспақшы, деп жазады Olympic.kz.  

Алматы, NEGE. Турнирде жалпы есебі 232 спортшы бақ сынайды. Олардың ішінде әлемдік рейтингте ТОП-50 қатарына енетін 12 атлет бар. Қазақстандық Кирилл Герасименко да қатысушылар қатарында.

Одан бөлек, Қазақстан атынан Дастан мен Айдос Кенжеғұловтар, Санжар Жұбанов, Сарвиноз Мірқадырова мен Анастасия Лаврова сынға түседі.

Турнирдегі алғашқы матчтар бүгінге жоспарланған.