30 Сәуір 08:26

Хоккейден әлем чемпионаты: Қазақстан жасөспірімдер құрамасы алғашқы жеңісіне қол жеткізді

Хоккей
Фото: Olympic.kz.

Финляндияда өтіп жатқан шайбалы хоккейден жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионатында Қазақстан құрамасы топтағы алғашқы жеңісіне қол жеткізді, деп хабарлайды Olympic.kz.

Алматы, NEGE. Қазақстандықтар Чехия құрамасына қарсы ойнайп, овертаймда 4:3 есебімен жеңіске жетті.

Келесі ойынды Қазақстан құрамасы 30 сәуір күні Канадаға қарсы өткізеді.

Айта кетелік, өз тобында соңғы орын алған командалар элитадағы орнын сақтау үшін өзара ойнайды.