30 Сәуір 01:30

Бұрынғы Ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаев ұсталды

ІІМ
Фото: Коллаж NEGE

Тұрақты оқырманымыздың хабарлауынша, дүйсенбі күні бұрынғы Ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаев ұсталды.

Алматы, NEGE. Мұндай шешімді прокурорлар Тұрғымбаевқа қатысты 2022 жылғы қаңтардағы қайғылы оқиғаға байланысты «қызметтік өкілеттігін асыра пайдалану» бабы бойынша қозғалған қылмыстық іс аясында шығарды.

Қантарадағы жағдайдан кейін Ерлан Тұрғымбаев Ішкі істер министрлігінің басшысы қызметінен босатылып, президенттің кеңесшісі болып тағайындалды, кейін Ташкентке барып, ШЫҰ Аймақтық терроризмге қарсы құрылым басшысының кеңесшісі болған еді.