27 Сәуір 10:49
Шығыс Қазақстан облысында жер сілкінді
Бұл туралы сейсмикалық станциялар желісі хабарлады.
Алматы, NEGE. Жерасты дүмпулерін сейсмикалық станциялар желісі 27 сәуір 07:44-те тіркеген.
“Жер сілкінісінің эпицентрі Алматыдан солтүстік-шығысқа қарай 915 шақырым жерде орналасқан. Жер сілкінісінің энергетикалық класы – 8,7. Mагнитудасы – 4,0", – делінген хабарламада