7 Ақпан 17:50
Ақтөбе облысында бөлім басшысы мүгедектерден 1 200 000 теңге пара алған
Ақтөбе облысы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Ақтөбе облысы бойынша Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау Комитеті департаментінің № 4 медициналық-әлеуметтік сараптама бөлімінің басшысына қатысты қылмыстық істі тергеуде, деп хабарлады Антикор.
Алматы, NEGE. Ол медициналық-әлеуметтік сараптамадан өту кезінде мүгедектерден мүгедектік мерзімін белгілеу және ұзарту үшін бірнеше рет жалпы сомасы 1 200 000 теңге пара алды деген күдікке ілінді.
Тергеу соты күдіктіні «электрондық білезікті» қолдану арқылы «үйқамақ» түріндегі бұлтартпау шарасына санкциялады. Тергеу жалғасуда.
Тергеу мүддесі үшін өзге ақпарат жария етуге жатпайды.