27 Сәуір 19:19

«Алматы – Петропавл» бағытында қатынайтын пойыздың вагондары жаңартылды

вагон
Фото: elorda.info

«Алматы – Петропавл» бағытында қатынайтын жолаушылар пойызында 12 вагон жаңалартылды. Жолаушылар тасымалын жүзеге асыратын «Түрксіб Астана» ЖШС. Сонымен бірге тағы 10 жолаушылар вагоны жеткізіледі деп жоспарланып отыр, деп жазды BAQ.KZ.

Алматы, NEGE. Жолаушылар вагондары «ЗИКСТО» АҚ отандық зауытында жасалған. Олар ауаны баптау жүйесімен, ауаны тазарту сүзгілерімен, түтін датчиктерімен, биодәретханалармен, сондай-ақ тамбурлардағы бейнебақылау жүйесімен жабдықталған.

Купеде электр розеткалары мен USB қосқыштары бар.