27 Қараша 10:24

Жексенбі күні қоғамдық көлік жүре ме?

Фото:

Елордада жексенбі күні қоғамдық көлік жүре ме?

Алматы, NEGE. Елордада жексенбі, 29 қараша күні қоғамдық көлік жұмысы бір күнге тоқтатылады. Бұл күні дезинфекциялық жұмыстар жүргізіледі, деп хабарлады City Transportation Systems баспасөз қызметі. «Нұр-Сұлтан қаласының бас мемлекеттік санитарлық дәрігерінің қаулысына сәйкес қоғамдық көлік жұмыс күндері және сенбі күндері сағат 6:00-ден 23:00-ге дейін жүріп, жексенбі күндері жұмысына тыйым салынған. Дүйсенбі күні, 30 қарашадан бастап автобустар қалыпты кестесіне сәйкес қайтадан қатынайды», - делінген. Автобустарға бетпердесіз кіруге тыйым салынады. Жол ақысы тек қолма-қол ақшасыз төленеді.

Тегтер: