31 Желтоқсан 14:09

Шахтада опат болғандардың тізімі жарияланды

Фото:

ҚР ҚК-нің 156-бабының 4-бөлігіне сәйкес «Абайсызда екі немесе одан да көп адамның өліміне әкеп соқтырған еңбекті қорғау ережелерін бұзу» бойынша қылмыстық іс қозғалды.

Алматы, NEGE. Алдын ала мәліметтер бойынша Ақтөбе облысында қаза болған кеншілер жарылыс жұмыстары кезінде газдан уланып қалған. Полиция қылмыстық іс қозғады, деп хабарлады zakon.kz.

Sputnik Қазақстан мәліметі бойынша, облыс әкімдігі қаза болған жұмысшылардың тізімін жариялады.

Облыс әкімдігі құрбандардың тізімін атады:

тау-кен шебері Қайқанов Асхат Мадридұлы;

жарушы Черный Денис Викторович, 1985 жылғы;

Шаметов Рустам Бекарысұлы, 1981 жылғы;

жүргізуші Жакупов Б., 1983 жылғы.

Айта кетсек, 30 желтоқсанда 21 сағат 21 минутта (Ақтөбе уақыты бойынша) Хромтау ауданының өрт сөндіру бөлімінің пультіне Көктау кентінен 30 шақырым жерде орналасқан «Ақтөбе мыс компаниясы» ЖШС «Весенняя Аралчинская» шахтасында жарылыс жұмыстарын жүргізу кезінде төрт жұмысшының қаза болғаны туралы хабарлама түскен. Төрт адам қаза тауып, тағы бір адам жарақат алды.

Аталған факт Хромтау облысы бойынша сотқа дейінгі тергеудің бірыңғай тізіліміне ҚР ҚК-нің 156-бабының 4-бөлігіне сәйкес «Абайсызда екі немесе одан да көп адамның өліміне әкеп соқтырған еңбекті қорғау ережелерін бұзу» бойынша тіркелді.

Тегтер: