25 Ақпан 17:32

«Салпыншақ темірді қатындарың тақсын». Саясаттанушы сараң билікті сынады

Фото:

Елдің ризалығына ие болған полицей жуырда осы әрекеті үшін марапатталған еді. Әйтседе саясаттанушы Асхат Қасенғали биліктің марапаттау барысында сараңдық танытқанын сынға алды, деп хабарлайды Caravan.kz медиа порталы. 

Алматы, NEGE.  «Базар жоқ. Сағат жақсы ғой, бірақ үстемақы одан да жақсы. Бір реттік жақсы премия бергені дұрыс қой негізі. Сағатына қарап қанша минутта жүгіріп өтетінін білсін деген болар.

Біздің елде қызық тенденция бар. Жыл соңында мұғалім, дәрігер, әскери және басқа сала мамандарын марапаттайды. Ол дұрыс. Бірақ марапаттаудағы мотивациялары күлкілі. Бір А4 парақтағы алғыс хаты мен 100-120 гр болатын кеудеге тағар темір. Болды. Кімге керек ол? Сананы тұрмыс билеген дәуір. Жақсы мамандарға бір реттік премия беру керек қой. 500 мың, миллион. Мықты ғалымдарға 5, 10 млнмен. Ірі компаниядағылар өздеріне миллиондап жазып алады премияны». 

Оспан батырша айтсақ, «салпыншақ темірді қатындарың тақсын, жақсы мамандарға премия беріңдер» , – деді автор.

Тегтер: