21 Сәуір 14:20

Оралда әкімдік қызметкері бұрынғы әйелін пышақтап өлтірді

Фото:

Оралда әкімдік қызметкері бұрынғы әйелін пышақтап өлтірді Оралда әкімдік қызметкері тапа-тал түсте бұрынғы әйелін пышақтап тастады, деп хабарлайды КТК телеарнасы.

Алматы, NEGE. Денесінің 18 жерінен пышақталған 30 жастағы келіншек ауруханада жан тапсырды. 

Қылмыс жайында куәгерлер хабарлаған. Жәбірленуші ауруханаға жеткізілгенімен, жарақатының ауырлығынан тіл тартпай кетті. Күдіктінің қайда қашқанын да куәгерлер көрсеткен. Көп ұзамай полиция оны қаланың ортасынан ұстады. Көлігінен қан іздері мен қылмыс жасалған пышақ табылды. Ресми ақпарат бойынша күдікті осыдан екі күн бұрын әкімдіктен өз еркімен қызметтен кетіпті-міс. Ал әйелімен ажырасқан екен. Оған араларындағы жанжал мен еркектің қол жұмсауы себеп. Күйеуінің үстінен арыз да жазған көрінеді. Бірақ кейін оны қайтарып алыпты. Қылмысқа қызғаныш себеп болды деген болжам бар. Марқұмның артында екі баласы қалды.

— Күдікті жиырма минутта ізін суытпай ұсталды. 30 жастағы жәбірленуші ауыр жарақаттан ауруханада жан тапсырды. Тергеу амалдары басталды, күдікті тергеу абайқтысына қамалды, - деді БҚО ПД ресми өкілі, Болатбек Белгібеков.

Тегтер: