25 Ақпан 13:52

NASA Марстың панорамалық суретін жариялады

Фото:

АҚШ Ғарыш агенттігі Марстың алғашқы панорамалық суретін жариялады, деп хабарлайды «Хабар 24».

Алматы, NEGE. Оны NASA-ның Perseverance аппарты Езеро кратерінен түсіріп алған. Бұл зондтың ғаламшар бедерін кең көлемде түсірген алғашқы фотосы.

Айта кетейік, Perseverance зонды Марсқа ақпанның 18-і күні жеткен болатын. Ол алдағы 2 жылда кеуіп қалған өзен сағасы мен тау жыныстарын зерттеумен айналысады. Басты мақсат – миллиардтаған жыл бұрын ғаламшар қандай жағдайда болғанын анықтау.

Тегтер: