12 Наурыз 14:39

Із-түзсіз кеткен келіншек табылды

Фото:

Сарыағаш полициясына жергілікті тұрғын арызданып келеді. Ол өзінің арызында әйелінің жоғалып кеткенін көрсеткен.

Алматы, NEGE. Аталған деректі полицейлер бірден тіркеуге алады. Содан тәртіп сақшылары күйеуінен оқиғаның қалай болғанын сұрайды.

Сұрастыру барысында Сарыағаш қаласында орналасқан автобекеттен ері зайыбын сіңлісінің үйіне таксиге салып жібергенін айтқан. Алайда жоғалған әйелі ол мекенжайда болмай шыққан.

Шұғыл іздестірудің нәтижесінде сарыағаштық жедел уәкілдер жоғалған әйелді Түркістан облысында орналасқан Келінтау ауылынан тапты.

Қазіргі таңда полиция қызметкерлері оқиғаның қалай болғанын анықтап жатыр.

Өз кезегінде табылған әйелдің жұбайы Сарыағаш полицейлеріне, оның ішінде полиция капитаны Нұрсұлтан Идышевқа жұбайын іздестіру кезінде көрсеткен жеделдігі мен кәсібилігі үшін шынайы алғысын айтты.

Тегтер: