4 Тамыз 12:54

Елордада мерекені отшашумен атап өткен тұрғынға айыппұл салынды

Фото:

Нұр-Сұлтанда әуе-десант күштері күнін отшашумен атап өткен тұрғындарға қомақты айыппұл салынады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz қалалық полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Алматы, NEGE. «Түнде Шұбар шағын ауданы тұрғындарының мазасын көршісі алған. Ол жер үйдің аумағында әуе-десант күштері күнін тойлаған. 32 жастағы елордалық тұрғын түнде отшашу атып, әкімшілік кодекстің бірнеше бабын бұзған», - делінген хабарламада.

Полиция тұрғынды ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық кодексінің 436-бабы ("Елдi мекендерде атыс қаруынан, газды, пневматикалық, лақтырылатын және электрлі қарудан оқ ату, пиротехникалық бұйымдарды қолдану"), 437-бабы ("Тыныштықты бұзу"), 434-бабы 2-тармағы ("Қоғамдық орынды ластау") бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

32 жастағы елордалық тұрғынға 30 АЕК (83 340 теңге) айыппұл салынды.

Тегтер: