9 Сәуір 17:04

Алматыда подъездерді өртегіш қаскөй пайда болды

Фото:
Алматы қаласы Төтенше жағдайлар департаменті подъездердің кіреберісіндегі балалар арбасы, велосипед сынды заттардың өртену фактісінің жиілеуіне алаңдайды. Сарапшылар бұл қасақана өрт қою деп санайды

, деп хабарлайды zakon.kz.

Алматы, NEGE.  Қалалық ТЖД 2020 жылдың 6 қазанынан бастап бүгінгі күнге дейін көп пәтерлі үйлердің кіреберістерінде 35 өрт тіркелгенін, мүгедек, балаларға арналған арбалар, велосипедтер және т.б. заттар отқа оранғанын хабарлайды.

Тек 2020 жылдың 6 қазанынан бастап 25 желтоқсанына дейінгі аралықта мегаполисте түнде осындай 20 өрт тіркелді.

Сонымен қатар, бір күнде бірнеше өрт оқиғалары тіркелген кез болған: 7 қарашада таңғы сағат 7-ден 10-ға дейін Бостандық ауданында "Қазақфильмнің" No 2,14,28 үйлері және Алмагүл ықшамаудандарының №5, 33 көп қабатты үйлерінде де осылай подъезге от қойылған.

Ал 2021 жылдың 27 ақпанында таңғы сағат 7-ден бастап, арасында ондаған минут айырмашылықпен өрт сөндірушілер Бостандық ауданының Көктем ықшамауданындағы үш мекен-жайдағы өртті сөндірді.

Биылғы жылы қаланың төрт ауданында (Алмалы, Әуезов, Бостандық, Медеу) 15 өрт тіркелді, балалар арбасы және бірінші қабаттардың кіреберістеріне қойылған басқа да заттар өртенді.

Тегтер: