19 Наурыз 12:15

Алматы: 19 науқастың жағдайы қалай?

Фото:
Алматы қалалық Денсаулық сақтау басқармасының басшысы Тілеухан Әбілдаев онлайн баспасөз мәслихатын өткізіп, науқастардың жайдайы туралы айтып берді. 

 

Алматы, NEGE. Оның айтуынша, бүгін таңертең коронавирус жұқтырған бір адам тіркелді. "Осымен қалада 19 адам болды. Ол 19 наурызда Краснодар-Мәскеу-Алматы рейсімен ұұшып келген. Алайда, Ресей ешқандай санатқа жатпағандықтан карантинге алынбады. Оның науқаспен байланыста болғаны анықталып, анализ алынды. Қазір инфекциялық жұқпалы ауруханада 16 науқас ем алуда. Ал балалар жұқпалы ауруханасында 2 бала және бір баланың анасы бар" деді Тілеухан Әбілдаев. 

Сондай-ақ, ол 1 наурыздан бері қаладағы 4 ауруханада 608, ал үй жағдайында 730 адам карантинде жатыр. Бәрінің жағдайы қалыпты екенін айтты.   

Тегтер: