Референдум Референдум
USD
USD
USD

Атырауда әкімдік қызметкері су тасқыны кезінде көлік қарап жүрді – Әкімдік жағдайға түсінік берді

2024 жылдың 8 сәуірінде әлеуметтік желілерде Атырау қаласы әкімдігінің қызметкері А.Ибрагимов «ТОЙОТА»центр автосалонында жұмыс уақытында көлік қарап жүрген бейнежазбасы таралды.

Әкімдік қызметкері
Фото: видеодан

Алматы, NEGE. Әкімдіктің хабарлауынша, табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайға байланысты жүргізіліп жатқан жұмыстар барысында А.Ибрагимов қала әкімі аппараты іс басқармасының теңгеріміндегі «ТОЙОТА» автокөліктерін жөндеуге қою үшін қосалқы бөлшектерді қарап жүрген уақытында блогер Р.Баязиев қуып жетіп, бейнежазбаға түсірген.

«Аталған видеодағы қызметкер ақпартта айтылғандай әкім орынбасары емес. А. Ибрагимов 2024 жылдың қаңтарынан бастап Атырау қалалық тұрғын үй коммуналдық шаруашылығы және тұрғын үй инспекциясы бөлімінің абаттандыру және көгалдандыру секторының бас маманы лауазымында жұмыс жасайды.

Аталған блогер ақпаратты бұрмалау арқылы провокация жасаған.

Табиғи сипаттағы төтенше жағдай кезінде өздерін қоғам белсендісі санап жүрген азаматтардың мемлекеттік қызметшілерді әртүрлі арандату арқылы ақпаратты өз пайдасына бұрмалап беру әрекеттерін құп көрмейтінімізді жеткіземіз», – делінген хабарламада.

Қазір оқып жатыр

Әскерде тағы бір сарбаз мерт болды

Әскери адам, сарбаз

Астанада LRT жолақысы қанша теңге болуы мүмкін?

LRT

Шелдон Купердің рөлінде ойнаған америкалық актер қазақша ән салып берді

Иэн Армитидж

Қарашығанақ операторы 2 млрд теңге экологиялық айыппұл төледі

Қарашығанақ кен орны