9 Қыркүйек 21:38

Әкімінің орынбасарына қомақты айыппұл салынды

Фото:

Өскеменде карантин ережесін бұзған қала әкімінің орынбасарына қомақты айыппұл салынды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Алматы, NEGE. Тамыз айында шаһар әкімі орынбасарлары және бірнеше бөлім басшысымен бірге мәдени іс-шара өткізген. Олар қала әкімдігі ғимараты алдында өлең оқудан эстафета ұйымдастырған. Жоғары лауазым иелері шара кезінде бетперде мен қолғап киіп, әлеуметтік арақашықтықты сақтаған. Алайда, қала басшылығының бұл бастамасын кейбір қоғам белсенділері құп көрмей, «карантин ережесін бұзды» деп әлеуметтік желіде жарыса жар салды. Кейін қадағалаушы құзырлы органдар әкімдік қызметкерлерінің әрекетін құқықтық тұрғыда сараптай келе, заң бұзғанын дәлелдеді. Арнайы хаттама толтырып, бірнеше лауазым иесіне айыппұл салынды.

– Жауапқа тартылған тұлғалар Өскемен қаласының әлеуметтік сала бойынша әкімнің орынбасары және Мәдениет пен тілдерді дамыту бөлімінің басшысына әрқайсысына 230 айлық есептік көрсеткіш көлемінде айыппұл салынған болатын. Бір апта жедел төлеу мақсатында әрқайсысы 115 айлық есептік көрсеткіштен төледі, – дейді  Тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасын бақылау депратаментінің баспасөз хатшысы Бағлан Тауанова.

Тегтер: